Пікірлер Әңгімелер Туралы Әрекеттестік Есептер Құпиялық саясаты Қазір қосылыңыз
ТІЛДІ ТАҢДАУ
Kazakh
Russian
U-Report қатарына қосылыңыз, Сіздің пікіріңіз маңызды.
Құпиялық саясаты

Осы саясатқа не кіреді?

Осы саясат Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Жаһандық U-Report құпиялық саясатына сәйкес әзірленген.

Осы саясат U-Report Қазақстанға қатысты қолданылады. U-Report үшін сіздің ақпаратыңызды ұқыпты сақтау маңызды. Осы Құпиялық саясатында сіздің жеке ақпаратыңызды қалай жинайтынымыз, пайдаланатынымыз және сақтайтынымыз және оны қорғау үшін қандай шаралар қолданатынымыз баяндалған. Кез келген U-Report арналарымыз арқылы қатарымызға қосылмас бұрын Құпиялық саясатымен мұқият танысып шығуды және өзгерістердің бар-жоғын тексеру үшін оны жүйелі түрде оқып тұруды өтінеміз. U-Report-қа қол жеткізу және оны пайдалану арқылы сіз осы Құпиялық саясатының барлық ережелерімен келісесіз.

Егер жасыңыз 18-ге толмаса, сізге осы платформаны пайдалануды және онымен жұмыс істеуді ата-анаңызбен немесе қамқоршыларыңызбен талқылауға және U-Report платформасы, оның қолданбасы және веб-сайты арқылы ақпаратыңыздың бізбен бөлісуге келісімдерін беретініне көз жеткізуге кеңес береміз.

Есіңізге саламыз, біздің арналарда немесе әлеуметтік желілерде басқа адамдарға сіздің жеке тұлғаңызды анықтауға көмектесетін ақпаратты, мысалы, толық аты-жөніңізді, физикалық мекен-жайыңызды немесе тұрғылықты жеріңізді, мектебіңіздің атын немесе мекенжайын, телефон нөміріңізді, электрондық поштаңызды және әлеуметтік желідердегі тіркелгіңіздің мәліметтерін бөліспеген жөн.

Назар аударыңыз, сіз U-Report әлеуметтік желілерінде жария түрде орналастырған кез келген жеке ақпаратты басқа адамдар көре алады. Біз басқа адамдардың мұндай ақпаратпен не істеуі мүмкін екеніне жауапты болмаймыз, сондықтан, өтінеміз, не жариялайтыныңызға абай болыңыз. Егер сондай жеке ақпаратты біздің әлеуметтік желідегі аккаунттарымызда орналастырсаңыз, біз оның мүмкіндігінше тезірек жойылуын қамтамасыз етеміз.

Осы Құпиялық саясатында «біз», «бізді» және «біздің» ұғымдары ЮНИСЕФ-ке қатысты. «Сіз», «сіздің», «сіздікі» және «пайдаланушы» ұғымдары U-Report-қа қол жеткізетін немесе оны пайдаланатын тұлға ретінде сізге қатысты.

 

Осы саясатқа не кірмейді

Сіз U-Report-пен жұмыс істеу үшін пайдаланатын хабарлама алмасу платформалары және әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жиналған жеке және жеке емес сипаттағы ақпарат. Ақпаратыңызды жинау, пайдалану және өңдеу сол қолданбалардың құпиялық саясатымен реттеледі.

Осы құпиялық саясаты U-Report платформасымен, қолданбалармен және веб-сайтымен байланысты үшінші тарап сайттарына қатысты қолданылмайды. Мұндай сайттарда ақпаратыңызды жинау, пайдалану және өңдеу солардың құпиялық саясатымен реттеледі.

Біз сізге үшінші тарап сайттарының, қолданбаларының және платформаларының пайдалану шарттарымен, құпиялық саясаттарымен танысып шығуға, солармен жұмыс істемес бұрын көңіліңіз толатынына көз жеткізуге кеңес береміз.

 

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды қалай қорғаймыз?

Біз жеке ақпаратты мейлінше аз жинауға тырысамыз. U-Report мақсаты - сайтты пайдаланған кезде және оның мазмұнымен және мүмкіндіктерімен өзара әрекеттескен кезде сізге пайдалы болу және өзіңізді қауіпсіз сезінуге жағдай жасау.

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды осы Құпиялық саясатында сипатталған мақсаттардан басқа мақсаттарда пайдаланбаймыз.

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды сатпаймыз.

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды нормативтік актілермен талап етілетін жағдайларды қоспағанда, көрсетілген мақсаттар үшін қажет мерзімнен ұзақ сақтамаймыз.

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау үшін барлық орынды және қажетті техникалық және ұйымдастыру шараларын қолданамыз.

Біз U-Report ақпаратын орналастыру үшін немесе бізге қызметтер көрсетуі үшін үшінші тараптарды пайдаланатын жағдайларда ақпараттың құпиялығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін келісім-шарттар жасаймыз.

 

U-Report сіз туралы қандай ақпарат жинайды?

Осы Құпиялық саясатының мақсаттары үшін «Жеке ақпарат» бізге адамның жеке тұлғасын аты-жөні, сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері туралы деректер, онлайн идентификатор немесе сол адамға тән бір немесе бірнеше фактор сияқты идентификатор арқылы тікелей немесе жанама анықтауға мүмкіндік беретін кез келген ақпаратты білдіреді.

 

Сіз U-Report-қа тіркелген кезде

A. Тіркелу барысында біз сізден сұрайтын ақпарат.

U-Report-та тіркелу барысында сізден ешқандай жеке ақпарат сұралмайды. Тіркелу барысында сізден тұратын аймағыңыз, жасыңыз және жынысыңыз сұралады, осылайша ЮНИСЕФ және оның серіктестері U-Report-пен жұмыс істейтін пайдаланушылардың жалпы демографиялық сипаттамаларын түсініп, сізге қатысты ақпаратты шоғырландыра алады.

B. Тіркеу барысында немесе платформамен кез келген жолмен жұмыс істеу кезінде автоматты түрде жиналатын ақпарат.

U-Report-та тіркелген немесе онымен жұмыс істеген кезде U-Report платформасы келесі ақпаратты автоматты түрде жазып алады: әлеуметтік желі идентификаторы (егер сіз WhatsApp немесе кез келген басқа цифрлық хабарлама алмасу платформаларын пайдалансаңыз).

Мұндай ақпарат U-Report-қа ағымдағы байланыстарды сақтап тұруға, сізді сауалнамаларға және чат-боттарға қатысуға шақыруға, сонымен қатар сіз үшін өзекті ақпаратты жіберуге мүмкіндік береді. U-Report менеджерлері осындай байланыс шеңберінде сіздің кім екеніңізді білмейтін болады. Олар сіздің әлеуметтік желілердегі тіркелгіңізге кіре алмайды. Аталмыш атрибуттар U-Report қалыпты жұмысының аясында платформаның ешкімге кіре алмайтын ішкі қоймасында сақталады.

Біз сондай-ақ сіз U-Report арналары арқылы беретін ақпаратты жинаймыз және өңдейміз, соның ішінде:

Сауалнама сұрақтарына берілген жауаптар

Чат-боттармен өзара әрекеттесу

Платформаға жіберілген басқа сұратылмаған хабарламалар.

Сіз көрсетпейінше, мұндай мәліметтер ешқандай жеке ақпаратты қамтымайды. Сондықтан U-Report-пен жұмыс істегенде ешқандай жеке ақпаратты бермеуге кеңес береміз.

 

U-Report веб-сайтына кіргенде және оны пайдаланғанда біз U-Report жұмысының шеңберінде автоматты түрде жинайтын ақпарат:

Сіз сайтымызды пайдаланған кезде біздің үшінші тарап қызмет көрсетушілеріміз және біз өзіміз cookie файлдары және веб-сервер журналдары сияқты автоматтандырылған құралдардың көмегімен сіз және сіздің құрылғыңыз туралы ақпарат жинай аламыз. Cookies - серверіміздегі сіздің компьютеріңізді, телефоныңызды және басқа да құрылғыларыңызды анықтайтын шағын мәтіндік файлдар. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз осы Құпиялық саясатына сәйкес өз браузеріңізде cookie файлдарын және соған ұқсас технологияларды орналастыруға келісіміңізді бересіз. Осылайша жиналған ақпарат сіздің IP мекенжайыңызды, желіде орналасқан жеріңізді, сіз пайдаланатын браузерді, құрылғы идентификаторлары мен сипаттамаларын, операциялық жүйе нұсқасын, тіл таңдауларын, пайдаланушылар сілтеме жасайтын URL мекенжайларын және сайтымызды пайдалану туралы ақпаратты қамтиды.

Егер сіз ақпараттың cookie файлдарының көмегімен жиналуын қаламасаңыз, браузерлердің көпшілігі cookie файлдарын пайдаланудан автоматты түрде бас тарту немесе таңдау жасау мүмкіндігін береді: компьютеріңізге белгілі бір сайттан белгілі бір cookie файлын (немесе cookie файлдарын) жіберуден бас тартуға немесе келісуге болады. Сондай-ақ cookie файлдары туралы жалпы ақпарат алу үшін http://www.allaboutcookies.org/manage-cookies/index.html сайтына кіре аласыз.

Біз мұндай ақпаратты сайтымызды басқару, атап айтқанда сайттың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, белгілі бір беттерге кірген пайдаланушылар санын анықтау немесе алаяқтықтың алдын алу үшін жиынтық ақпарат түрде пайдаланамыз. Біз сіздің орналасқан жеріңізді шамамен анықтау үшін IP мекенжайы туралы ақпаратты пайдаланамыз. Біз сондай-ақ сайтты пайдалану туралы ақпаратты жинау және талдау үшін, әрекеттер мен үрдістер туралы есеп құрастыру үшін cookie файлдарын және соған ұқсас технологияларды пайдаланатын Google Analytics сияқты аналитикалық қызметтер көрсетушілермен жұмыс істейміз.  

 

Менің ақпаратым қалай сақталады?

Сіздің сауалнама сұрақтарына берген жауаптарыңызды, чат-боттармен өзара әрекеттескеніңізді және тіркеу кезінде жиналған ақпаратты сақтау үшін сенімді үшінші тарапты - RapidPro - пайдаланамыз. RapidPro провайдерлері келісім-шарт бойынша біздікіне ұқсас деректерді қорғау және құпиялықты сақтау шараларын қолдануға міндетті және берген нұсқауларымызды орындай отырып, сіздің ақпаратыңызды тек нақты және қажетті мақсаттар үшін өңдеуге құқылы.

Назар аударыңыз, берген жауаптарыңыз WhatsApp арқылы әңгімелесу сияқты сіз пайдаланатын арнада да сақталуы мүмкін. Егер сіз шетін тақырыпқа қатысты сауалнамаға қатысқан болсаңыз, басқа біреудің телефоныңызды алып, әңгімеңізді көруіне жол бермеу үшін оны жою мүмкіндігін қарастырғаныңыз абзал.

 

U-Report менің ақпаратымды қанша уақыт сақтайды?

Біз жеке ақпаратыңызды оны жинау мақсаттары үшін қажет болатын уақыт бойы ғана қолданамыз және сақтаймыз. Біз жеке ақпаратыңызды қажет болған жағдайда құқықтық міндеттемелерімізді орындау, дау-дамайларды шешу және келісімдер мен құқықтарымыздың орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз.

 

U-Report жеке ақпаратыңызбен қалай және неге бөлісе алады?

Біз үшін сіздің ақпаратыңыздың құпиялығын сақтау маңызды. Әдетте біз тек U-Report платформасы мен веб-сайты арқылы жиналған жеке емес сипаттағы және жиынтық ақпаратпен ғана бөлісеміз. Жеке емес ақпаратты бөлісе алатын жағдайларға келесілер жатады:

ЮНИСЕФ серіктестеріне және ЮНИСЕФ елдік кеңселеріне жиынтық ақпарат түрінде, мысалы, жалпы сауалнама нәтижелерін жастарды қатыстыруды қолдау және шешім қабылдау, жергілікті жобалар, бастамалар мен науқандар туралы құлақтандыру үшін.

Бізге веб-сайт хостингі, деректерді талдау, ақпараттық технологиялар және тиісті инфрақұрылым сияқты қызметтерді ұсынатын үшінші тарап қызмет көрсетушілерге, сіздің қызығушылықтарыңызға бағдарланған контентті жеткізу және сайтымызды, электрондық поштаны жеткізуді және басқа қызметтерді қалай пайдаланатыныңызды жақсырақ түсіну үшін аналитикалық қызметтерді көрсетушілерге. Алайда біз сіздің ақпаратыңызды ешқашан үшінші тараптарға сатпаймыз.

Біздің иелігіміздегі қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі жеке ақпарат тек айрықша жағдайларда, тек нақты және қажетті мақсаттар үшін ғана берілуі мүмкін. Біз жеке ақпаратты келесі жолдармен бөлісе аламыз:

Сіздің рұқсатыңызбен. Мысалы, сізге шұғыл көмек қажет болса. Біз сіздің рұқсатыңызды U-Report-тағы тікелей хабарламалар арқылы сұратуымыз мүмкін.

Заң талаптарын сақтау үшін, Пайдалану шарттарымыздың орындалуын қамтамасыз ету үшін немесе кез келген адамның құқықтарын, құпиялығын, қауіпсіздігін немесе мүлкін қорғау үшін және басқа да заңды мақсаттар үшін.

Жеке ақпаратқа қол жеткізетін кез келген үшінші тарап келісім-шарт бойынша деректерді қорғауды және біздікіне ұқсас құпиялықты қамтамасыз етуге міндетті. Оларға біздің нұсқауларымызды орындай отырып, нақты және қажетті мақсаттар үшін ғана өздері қол жеткізе алатын жеке ақпаратмен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл жеке ақпарат халықаралық арна арқылы берілетін жағдайларға да қатысты.

 

U-Report менің ақпаратымды қаншалықты қауіпсіз өңдейді?

Біз сіздің жеке ақпаратыңызды рұқсатсыз қолданудан және жария етуден қорғау үшін көптеген орынды физикалық және электрондық шараларды қолданамыз. Алайда үшінші тұлғалар жеке ақпаратыңызды немесе жеке хабарламаларыңызды заңсыз қағып әкетуі немесе қол жеткізуі мүмкін. Сондықтан сіздің ақпаратыңызды қорғауға бар күшімізді салғанмен, ақпаратыңыз және хабарламаларыңыз әрқашан құпия болып қалатынына кепілдік бере алмаймыз.

Сондай-ақ сізден жеке ақпаратыңызды қорғауға өз үлесіңізді қосуыңызды сұраймыз.

Телефоныңызға немесе құрылғыңызға кіру үшін бірегей PIN код немесе кілтсөз кодын орнатыңыз. Басқалар оны біліп алмауы үшін оны өзгеше етіп құрастырыңыз. Мысалы, туған күніңізді немесе атыңызды пайдаланбаңыз.

Сіз U-Report-қа хабарламалар жіберу үшін пайдаланатын арналарға қосылу үшін сенімді құпиясөзді пайдаланыңыз. Сол құпиясөзді ешкімге айтпаңыз.

Қауіпсіз емес Wi-Fi арқылы U-Report-қа қосылу кезінде абай болыңыз. Мысалы, қоғамдық Wi-Fi қауіпсіз емес, сондықтан сақ болыңыз.

Жоғалған немесе ұрланған жағдайда құрылғыңыздағы барлық деректерді өшіруге мүмкіндік беретін функцияны орнатыңыз.

 

U-Report пайдаланушысы ретінде менің құқықтарым қандай?

U-Report серверінде сақталатын жеке ақпаратыңызды сұратуға құқығыңыз бар. Оны өзгерте, жоя аласыз немесе оны пайдаланудан бас тарта аласыз. Ол үшін U-Report арналарының кез келгені арқылы MYDATA хабарламасын жіберіңіз.

U-Report пайдалану кезінде өз құқықтарыңыз туралы ақпарат алуға құқығыңыз бар.

Тіркеуіңізді және сақталған деректеріңізді кез келген уақытта жоюды сұратуға құқығыңыз бар. Ол үшін U-Report арналарының кез келгені арқылы DELETEME хабарламасын жіберіңіз.

Біз жүргізетін сауалнамаларға қатысу-қатыспау туралы шешім қабылдауға құқығыңыз бар.

U-Reporter болуды тоқтатып, ақпаратымды қалай жоюға болады?

Кез келген уақытта тіркеуіңізді және сақталған деректеріңізді жоюды сұратуға құқығыңыз бар. Ол үшін U-Report (WhatsApp) арналарының кез келгені арқылы QUIT хабарламасын жіберіңіз. Біз платформаны пайдаланудан бас тартқан тұлғаларды жүйелі түрде өшіріп тұрамыз.

 

Құпиялық саясатындағы өзгерістер туралы хабарлау

Біз қауіпсіздік шараларын және Құпиялық саясатымызды қайта қарап отырамыз және саясаттарымызға өз қалауымыз бойынша өзгерістер енгізе аламыз. Құпиялық саясатымызды өзгертетін болсақ, сайтымызда Құпиялық саясатының өзгертілгені туралы хабарлама жариялаймыз. Мұндай өзгерістер сайтымызда жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді. Сол себепті Құпиялық саясатымызды жиі тексеріп тұруға кеңес береміз. Осы беттің төменгі жағындағы «Соңғы жаңартылған күні» осы Құпиялық саясатының соңғы рет қашан қайта қаралғанын көрсетеді. Сондай өзгерістерден кейін сайтымызды одан әрі пайдалануыңыз қайта қаралған Құпиялық саясатын қабылдайтыныңызды білдіреді.

 

Байланыс мәліметтері

Осы Құпиялық саясатына немесе U-Report платформасына қатысты сұрақтарыңыз болса, amakitov@unicef.org мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

Соңғы жаңартылған күні: 04 қараша 2024 ж.

Қоғамға оңды өзгерістер енгізу үшін жастарды қалай тартатынымыз туралы сандар айтып береді.
ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ЗЕРТТЕУ
UNICEF logo